384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да жоғалып кеткен 2 жасар баланың мәйіті табылды

  • 447
  • UPD: 17:33, 25.10.2019
БҚО-да жоғалып кеткен 2 жасар баланың мәйіті табылды

Бүгін сағат 16:50 шамасында із-түзсіз жоғалып кеткен ағалы-інілі балалардың екіншісінің мүрдесі Жайық өзенінен табылды.

Еске сала кетейік, кеше кешкісін Жанама ауылының тұрғыны аулада ойнап жүрген қос бірдей ұлынан көз жазып қалғанын айтып, полицияға арызданған. Қиын жағдайға тап болған ата-анаға көмекке көрші ауылдың азаматтары, барлығы 200-дей адам келді. Олар құтқарушылар мен кинолог мамандармен бірге бүлдіршіндерді іздестіруге атсалысты.

Өкінішке қарай, бүгін күндіз отбасының тұңғышы 5 жасар Бексұлтанның мәйіті ауыл маңындағы Қарасу өзенінің Жайыққа қосылар тұсында табылды. 

Хабар 24 телеарнасы