386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

  • 176
  • UPD: 13:36, 06.11.2019
Қостанай облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

Қостанай облысында автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол апатына Фольксвагенның қоғамдық көлікке жол бермеуі себеп. Салдарынан кроссоверді тізгіндеген 60 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Автобус жүргізушісі мен төрт жолаушы түрлі дене жарақаттарын алды. Сондай-ақ, жол апатынан жеке сектордың қоршауы бұзылып, телефон байланысы жабдығына зақым келтірілді.

Давид Саркисян,  жедел медициналық жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары:

– Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 6 минуттың аралығында жетті. Біз келгенше темір тұлпарды басқарған әйел көлік ішінде қысылып, өлі болды. Автобус жүргізушісінің қабырғасы сынған. Оны және бес жолаушыны аудандық ауруханаға жеткізіп, стационарлық көмек көрсеттік.

Ирина Беженарь, полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде жол көлік апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр. 345-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  

Хабар 24 телеарнасы