388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы – Қорғас жолында көлік апатынан 70 жастағы ер адам көз жұмды

  • 105
  • UPD: 12:38, 08.11.2019
Алматы – Қорғас жолында көлік апатынан 70 жастағы ер адам көз жұмды automan

Алматы-Қорғас автожолында келе жатқан көлік атқа соғылып, жол апаты орын алды.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 4 шамасында Алматы-Қорғас жолының 94 шақырымында орын алған.

«Жолаушылары бар автокөлік батысқа қарай (Батыс Еуропа – Батыс Қытай) бағыт алған. BMW-528 маркасындағы автокөлікті 22 жастағы жүргізуші басқарған. Қатты жылдамдықпен қозғалған автокөліктің жүргізушісі қараңғыда жол бойына шыққан атты байқамады. Өкінішке орай, автокөлікте болған 1950 жылдың тумасы Есік қаласының орталық ауруханасында көз жұмды», - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.

Деректер бойынша аталмыш учаскеде жарықтандыру мен үй жануарларының жолға шықпауына арналған қоршаулар қарастырылмаған. Екі бағыттағы жол қозғалысын метал қоршаулар бөліп тұрады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жол-көлік оқиғасына себепшісі болған үй жануарының иесін іздеуде.

Хабар 24 телеарнасы