386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті  

  • 145
  • UPD: 12:17, 13.11.2019

Жол апаты өткен түнде Көкшетау және Махамбет көшелерінің қиылысында орын алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түнгі шақыртулардың біріне бара жатқан медициналық көлікті «Лада Гранта» автомобилі бүйірден соққан. Соның салдарынан дәрігерлер машинасы аударылып қалған. Түрлі дене жарақатын алған екі фельдшер мен екі көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Қазір оқыс оқиғаның жай-жапсары анықталуда. «Лада Грантаның» басты жолмен келе жатқанын, ал жедел жәрдемнің дабыл шамдары қосулы болғанын айта кеткен ләзім. «Жол-көлік оқиғасына кінәлі тұлға тиісті әкімішілік жауапкершілікке тартылады», – дейді мамандар.

Павлодарда қылмыстың ізі суымай ашылды

Павлодар қаласында сауда орнына қарулы шабуыл жасаған қылмыскер полиция қызметкерлерінің кәсібилігі арқасында көп ұзамай қолға түсті. Сәтбаев көшесіндегі дүкендердің біріне белгісіз жанның баса-көктеп кіріп, сатушыны пышақпен қорқытып, 40 мың теңгені алып кеткені туралы кешкі 18-40-та полицияның кезекші бөліміне қоңырау шалынды. Бейнебақылау құралдарындағы жазба арқылы жедел түрде күдіктінің кім екені, мекенжайы анықталады. Санаулы сағатта 38 жастағы ұры ұсталып, қамалады. Қазір аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабына сәйкес іс қозғалып, тергеу алды амалдары басталды.

Алматыда 14 жасырын цех әшкереленді

Алматыда алкогольді өнім жасап келген астыртын цех анықталды. Цехты тінту кезінде 6 мың данаға жуық танымал акциздік маркалар тәркіленді. Сондай-ақ 1300 литр спирт, бос бөтелкелер, қақпақтар және ішімдікті құйып, жабатын құрылғылар табылды. Жалпы жыл басынан бері Алматыда жалған спирттік өнім жасап келген 14 астыртын цехтың жұмысы әшкереленіп, заңсыз айналымнан 30 мың бөтелке арақ және 10 тоннадан аса спирт шығарылды. Ал жыл басынан бері осындай дерекпен 19 қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 233 бабы бойынша тергеу басталды.

Жақсылық Мырзахан, экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:

– Жалпы тергеу барысында аталған мерзімдер нақты анықталатын болады. Сонымен қатар 1800 дана спирттік өнім нарыққа енгізуге дайындалып қойған. Көбінесе бұл азамат спирттік өнімдерді нарықтан төмен бағамен сатып келген.

Ақтауда 71 келі марихуана тәркіленді

Ақтау қаласында 200 литрлік бөшкеге салынған марихуана тәркіленді. Бөшке иесі Тараз қаласының тұрғыны болып шықты. Ол есірткі затын сақтау үшін өнеркәсіптік аймақтан арнайы бокс жалдаған екен. Есірткінің жалпы салмағы 71 келі. Күдікті марихуананы полицияның қолына түспеу үшін Шу қаласынан дала жолдарымен алып шыққанын мойындап отыр. Аталған жедел-іздестіру шарасы республикалық «Көкнар-2019» операциясының аясында жүргізіліпті. Операцияға сәйкес еліміздің көптеген өңірлерінде Шу алқабынан марихуана тасымалдаушы азаматтар ұсталуда.

Алматы облысында шенеунік парамен ұсталды

Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірге пара алушы шенеунікті ұстады. «Қаратал орман шаруашылығы және жануарлар әлемі» мекемесінің басшысына қатысты қазір тергеу алды амалдары басталды. Ол Балқаш көлінен балық аулаушы кәсіпкерге жеңілдіктер жасағаны үшін жалпы сомасы 129 мың теңге қаржыны бірнеше қайтара алған.

Оралда автобус екі адамды қағып кетті

Оралда жолаушылар автобусы екі ер адамды қағып кетті. Оқыс оқиға кеше сағат 11.30-да Н.Назарбаев даңғылы бойында Ахмедияр батыр аялдамасы тұсында болған. №5 бағытта қатынайтын жолаушылар автобусы жүргізушісінің сөзінше, ол бағдаршамның рұқсат етілген белгісімен келе жатқанда жүргіншілер жолға шауып шыққан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген деректерге сүйенсек, осы жол-көлік оқиғасынан соң 41 және 33 жастағы қос азамат облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Бірінің қабырғасы сынса, екіншісінің іш құрылысы зақымданған. Қазір болған жайттың жай-жаспары анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы