376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды шахталарының бірінде жұмысшы қайтыс болды

  • 252
  • UPD: 20:34, 18.11.2019
Қарағанды шахталарының бірінде жұмысшы қайтыс болды

Ол көмір шахтасының қазандығында еңбек еткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы рет өндіріс шебері 16 қараша күні 23.30 шамасында қазандық бункеріне көмір толтыру жұмысын бақылаған. Одан кейін байналысқа шықпаған. Әріптестері оны таппаған соң шахта басшылығына хабар берген. Құтқарушылар тобы тек таңертен сағат 8:00-ден аса жұмыскердің денесін қазандықтың №2 бункерінен тауып алған. Әзірге өлім себебі белгісіз. Бұл іс бойынша мемлекеттік комиссия құрылып, тергеу амалдары басталды.

Владимир Брага, кәсіби авариялық-құтқару қызметі №2 отрядының командирі:

- Жұмысшыны 3 метр қалыңдықта көмір басып тастаған. Бункер түбі жіңішке тәріздес келгендіктен, ондағы ылғалды көмірді қолмен қазуға көп уақыт кетті. Әрі төмен жылжып, құтқарушыларға қауіп төндірді. Олар арнайы альпинистік арқандармен түсіп, жұмыс істеді. Марқұмның денесі табылған соң мамандарымыз тексеріп, өлімнің биологиялық сипатта болғанын нақтылады. Яғни, клиникалық өлім болмаған.

Хабар 24 телеарнасы