384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда үй өртеніп, әйел адамның денесі табылды

  • 122
  • UPD: 10:45, 25.11.2019
Петропавлда үй өртеніп, әйел адамның денесі табылды tazael.kz

Кеше сағат 23:14-те Петропавл қаласында Назарбаев көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйден өртенді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті.

Өрт болған пәтерден 1974 жылы туған әйелдің денесі табылды. Сондай-ақ 1962 жылғы пәтер иесі құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. 

Көпқабатты үйдегі 25 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды.

Өрт сағат 23:53-те ауыздықталды.

Куәгерлердің айтуынша, пәтер иелері алкоголь тұтынған. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы