384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда екі қыз көлікке белгісіз сұйықтық шашып, өртемек болды

  • 150
  • UPD: 10:17, 28.11.2019

Ақтау қаласында екі қыз көшеде тұрған көлікті өртемек болған. Олардың бұл заңсыз әрекеті бейнекамераға түсіп қалды. Қолдарындағы шөлмектен көліктің үстіне белгісіз сұйықтықты шашып, от қоймақшы болған. Бірақ онысынан түк шықпаған соң машинаның дөңгелегін жарып кеткен. Көлік қожайыны сотқар қыздардың үстінен арыз жазудан бас тартып, бейнежазбаны әлеуметтік желіге жүктеген. Оларды осылайша жазаламақ болыпты.

Жамбыл облысының тәртіп сақшылары екі күн бойы көңіл көтеретін орындарда рейд жүргізіп, кәмелет жасына толмаған 67 жасөспірімді ұстады. Оларды полиция бөліміне жеткізіп, ата-аналарын әкімшілік жауапқа тартты. Ал жүгенсіздік танытқан үш жасөспірім арнайы тіркеуге алынған. Тағы бір азамат жасөспірімдерге арналған бейімдеу орталығына жатқызылды. 

Талдықорғанда тәртіп сақшылары өз-өзіне қол салмақ болған 39 жастағы әйелді құтқарып қалды. Ішімдікке тойып алған азаматша көпқабатты үйдің терезесінен секіруге оқталған. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері оны сөзге тартып, жұбатып, терезеден түсіріп алды. Оның бұл қадамға баруына үйдегі жанжал себеп болуы мүмкін екен. Қазір азаматшамен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы