419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы ұшақ апаты: тірі қалғандар бар

  • 2125
  • UPD: 09:45, 27.12.2019
Алматыдағы ұшақ апаты: тірі қалғандар бар

Алматыдан Нұр-Сұлтан бағытында жолға шыққан ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол таңғы сағат 7-ден 5 минут кеткенде әуеге көтерілген. Артынан радардан жоғалғаны белгілі болды. Ұшақта 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апаттан 7 адам көз жұмғаны белгілі болды. Қазір оқиға орында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Бұл іс бойынша ҚР Премьер-министрінің тапсырмасымен Премьер-Министрдің орынбасары бастаған Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Комиссия оқиға орнына ұшып барады.

Хабар 24 телеарнасы