378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда әйелдерді тонаған қарақшы ұсталды

  • 191
  • UPD: 08:50, 21.01.2020

Алматылық азаматша қарақшының қолынан аман қалды. Оқиға қаңтардың 11-нен 12-сіне қараған түні болған.

Қала орталығында көлігін қыздырып отырған келіншектің тамағына пышақ тақаған бейтаныс еркек оның үнін шығармай, айтқанын істеуге бұйырады. Бетперде киіп алған күдікті көліктің алдыңғы орындығына жайғасып, белгісіз бағытқа жүруді талап еткен. Құрбанының ұялы телефонын тартып алып, мобильді қосымшасы арқылы есеп-шотындағы 70 мың теңгесін сыпырып алып, такси ұстап тайып тұрған.  Полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің нәтижесінде қарақшы қолға түсті. 

Салтанат Әзірбек, Қалалық ІІД ресми өкілі:

- 1981 жылы туған. Бұрын-соңды сотталмаған. Қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Бірінші қылмысты ол 20 желтоқсан күні Желтоқсан мен Жамбыл көшелерінің қиылысында жаяу жүргінші әйел азаматшаға шабуыл жасап, оның әмиянынан 236 мыңды қолды қылған. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабының нормаларына сәйкес ол  бірден уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Қазіргі таңда бұл азамат қамауда. Тергеу амалдары жалғасу үстінде.

Хабар 24 телеарнасы