418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қордайдың Масанчи елді мекеніндегі оқиғадан 8 адам қаза тапты

  • 713
  • UPD: 13:56, 08.02.2020
Қордайдың Масанчи елді мекеніндегі оқиғадан 8 адам қаза тапты

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жанжалға қатысты ОКҚ-да баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«7 ақпанда сағат 19:00-де Жамбыл облысының Полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданы Масанчи ауылында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр деген хабарлама келіп түсті. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Сол жерде болған адамдар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратқан. Осының салдарынан басқа ауылдардан келген 300-ден астам азамат төбелеске қосылып кеткен. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, әртүрлі қару қолданды. 8 адам көз жұмды. 40-тан астам адам жарақат алды», - деді Ішкі істер министрі ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанчи елді мекенінің тұрғындары арасында жаппай төбелес болғанын хабарлаған болатынбыз. Көп өтпей Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Қордай ауданында болған жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді.

Хабар 24 телеарнасы