431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жолда қалған 60 адам құтқарылды

  • 154
  • UPD: 13:13, 14.02.2020
Ақмола облысында жолда қалған 60 адам құтқарылды

Ақмола облысында өткен түнде 60-қа жуық адам боран салдарынан жолда қалып қойған. Олардың барлығы аман-есен құтқарылды дейді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Мәселен, Ерейментау ауданы аумағында Моңғолия азаматтары мінген автобус қар құрсауында қалған. 28 жолаушы мен 2 жүргізуші аудан орталығындағы жылыту бекеттерінің біріне жеткізілген. Ал «Алматы-Екатеринбург» тас жолының Жамбыл ауылы тұсында қарға батып қалған жедел жәрдем көлігінен 3 адам құтқарылыпты.

Айта кетейік, кеше аймақта боранға байланысты дабылды ескерту жарияланып, бірнеше бағыттағы жолдар жабылған. Ал синоптиктер алдағы күндері де күн райы қолайсыз болады  деп отыр. 

Даниель Жұмажанов, «Қазгидромет» АҚ облыстық филиалының бөлім жетекшісі:

- Алдағы үш тәулікте Ресейдің Европа аймағынан келген атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Ақмола облысының кей жерлерінде қар жауып, жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ және екпінді жел секундына 15-20 метрге дейін күтіледі. Жалпы ақпан айының болжамына келетін болсақ, ақпан айында ауаның температурасы нормадан  1 градус жылы болады деп күтіледі. Норма 13-16 градус аяз болса, жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп болжанады.

Хабар 24 телеарнасы