411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде өртенген моншаның ішінен ер адамның мәйіті табылды

  • 221
  • UPD: 10:17, 17.02.2020
Өскеменде өртенген моншаның ішінен ер адамның мәйіті табылды

Өскемен қаласында монша өртеніп, бір адам қаза болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 ақпан күні сағат 17:00 шамасында Кожедуба көшесіндегі жеке тұрғын үйдің моншасында өрт шыққан.

«Қызыл жалынды ауыздықтауға төрт техника жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 18 шаршы метрді құраған. Өрт сөндірушілер монша ішінен 1976 жылғы ер адамның мәйітін тапты. Ал сыртқа шығып үлгерген 1981 жылғы әйелдің беті күйіп қалған. Ол бірден облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізілді», - делінген ведомство мәліметінде.

Хабар 24 телеарнасы