447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміртауда 26 жастағы жігіт көпқабатты үйдің төбесіне шығып алған

  • 165
  • UPD: 11:29, 19.02.2020
Теміртауда 26 жастағы жігіт көпқабатты үйдің төбесіне шығып алған

Теміртаулық полицейлер көпқабатты үйдің төбесінде жүрген ер адамды қауіпсіз жерге шығарды.

5 қабатты ескі ғимараттың шатырында аяғын төмен салбыратып отырған 26 жастағы жігіттің әрекетін куәгерлер ұялы телефонына түсіріп алған.

Кейін белгілі болғандай, жас жігіт өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенбеген. Ол осылайша бұрынғы жарының назарын өзіне аударуға тырысқан көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы