432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент маңындағы әскери бөлімнен сарбаз қару-жарақ алып қашты

  • 1347
  • UPD: 14:32, 20.02.2020
Шымкент маңындағы әскери бөлімнен сарбаз қару-жарақ алып қашты

Шымкент маңындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің бірінде келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген кіші сержант ауысым кезекшісі құрамында болып, бөлімді өз еркімен тастап кеткен.

Дәл сол уақытта қаруды сақтау бөлмесінде атыс қаруының белгілі бір санының жетіспеушілігі анықталды. Құқық қорғау органдары мен әскери полиция күштері сарбаз мен жоғалған қаруды іздеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-шараларды жүргізуде.

Ақпарат көзі: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы