Жол-көлік оқиғасы 24 ақпан күні сағат 16:30-да Лермонтов көшесі мен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының қиылысында болды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
«47 жастағы Mitsubishi Grandis көлігінің жүргізушісі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылымен жүріп келе жатып тізгінінде 35 жастағы жүргізуші отырған Лада-2114 көлігін соққан. Оқиға нәтижесінде «Лада» көлігіндегі 2018 жылы туылған қыз бала жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», - деді Павлодар облысының полиция департаменті.
Департаменттің мәлімдеуінше, екі көлік те айып тұрағына қойылды. ЖКО бойынша тексеру жүргізілуде.