447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында ішінде 28 жолаушысы болған автобус аударылды

  • 172
  • UPD: 12:33, 06.03.2020
Павлодар облысында ішінде 28 жолаушысы болған автобус аударылды pavlodarnews.kz

Павлодар облысындағы Қызылорда – Павлодар тасжолының 1160-шақырымында жол апаты болды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Mercedes маркалы автобусының жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай қалып, көлік жол жиегіне аударылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Шымкенттен Новосібірге шыққан автобус салонында 28 адам болса, солардың 26-сы Өзбекстан Республикасының азаматтары, қалған екеуі қазақстандықтар.

Тиісті көмек көрсетілген соң жолаушылардың барлығы басқа автобусқа мінгізілді.

Хабар 24 телеарнасы