424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда сол жағалаудағы коттедж өртенді

  • 244
  • UPD: 23:51, 10.03.2020
Нұр-Сұлтанда сол жағалаудағы коттедж өртенді

Елордада коттедж өртеніп жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитеті.

10 наурыз күні сағат 18:53-те «101» пультіне Қонаев көшесінің бойындағы екі қабатты коттеджден («Musan Group» ЖШС кеңсесі) өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына елордалық ТЖД күш-құралдары жіберілді. Жеке құрамнан 21 адам және 5 өрт сөндіру техникасы тартылды. Өрт сөндірушілер барған кезде төменгі қабаттың керілген төбесі мен есіктер жанып жатқан.

Айта кетейік, 15 шаршы метр аумақты шарпыған өрт 19:17-де сөндірілді. Ешкім зардап шекпеген. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы