424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда ер адам әскери қызметкердің құлағын тістеп алды

  • 411
  • UPD: 14:50, 21.04.2020
Нұр-Сұлтанда ер адам әскери қызметкердің құлағын тістеп алды

Нұр-Сұлтанда ер адам полицей мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерінің құлағын тістеп алды, - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлердің мәліметінше, мобильді патруль қала көшелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Момышұлы даңғылында патрульдік көлік карантин ережесін бұзған және полицейлерден ескерту алған ер адамды байқаған.

«Тәртіп сақшылары ер адамға карантин ережесін бұзбай, үйге баруын сұраған. Алайда ер адам өзін агрессивті ұстаған. Патрульдік көліктегі қызметкерлерді шабуылдап, аяғымен ұрып-соғып, әскери қызметкердің құлағы мен қолын тістеп алған», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

37 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Tengrinews.kz

Хабар 24 телеарнасы