429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау тұрғыны жаралы аққуды құтқарды

  • 214
  • UPD: 16:34, 30.04.2020
Атырау тұрғыны жаралы аққуды құтқарды

Атырауда «Алия» еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Павел Ткач жаралы аққуды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павел үйіне келе жатып, «Атырау облысы су арнасы» КМК ғимаратының жанынан жаралы аққуды көрген. «Аққудың жанына жақындап барғанда, оның ұшпақ түгілі қозғала алмайтынын түсіндім. Бас сүйегінде жарақат бар екен. Аянышты халін көріп, үйге алып кеттім. Үйімде тауық қора бар еді», - дейді Павел Ткач.

Айтуынша, бұл жер аққуға ұнамаған секілді. Өйткені қос қанаттылар символы жем де жемеген, су да ішпеген. Соған қарамастан салмағын жоғалтпаған. Жергілікті орнитологтар жаралы аққуды тексеріп, тек басы емес, аяғында да жарақат барын анықтады. Олардың пікірінше, аққу электр желісіне соғылып, жарақат алған болуы мүмкін.

«Табиғи ортада аққудың жарақаты тез жазылады», - дейді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілі Мереке Шалқаров.

Инспекция мамандары аққуды Бударка өзегіндегі табиғи ортаға жіберді.

Хабар 24 телеарнасы