411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазмедиа» орталығында карантин тәртібі күшейтіледі  

  • 94
  • UPD: 22:18, 21.05.2020

Елордадағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратында карантиндік шаралар күшейтіледі. Апта басында орталықтың 200-ге жуық қызметкері COVID-19 вирусы бойынша тексерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде «Еуразия» бірінші арнасының 2 қызметкерінен коронавирус анықталды. Олар қазір стационарда. Орталық жұмысы эпидемияға қарсы күрес режиміне ауыстырылды. «Қазмедиа» басшылығы қызметкерлерге мейлінше қашықтан жұмыс істеуге кеңес береді. Ертеңнен бастап 7 маусымға дейін «Қазмедиа орталығы» ғимаратына кіріп-шығуға қатаң шектеулер енгізеді.

Асыл Торғаев, «Қазмедиа орталығы» ЖШС корпоративтік даму бөлімінің басшысы:

– «Еуразия» телеарнасының 2 қызметкерінен вирус белгілері анықталуына байланысты сақтық шараларын күшейту туралы шешім қабылданды. Бүгін ішкі бөлмелер мен дәліздер және жоғары қабаттар мен лифттер дезинфекцияланды. Қазір вирус жұқтырғандармен байланыста болған қызметкерлер анықталып жатыр. Содан соң, мамандарды жаппай тестілеуінен өткіземіз.

«Қазмедиа» орталығында міндетті түрде медициналық маска тағу, қолды антисептикпен шаю, арақашықтық сақтау талаптары сақталады. Айта кетейік, «Хабар 24» арнасының жұмысы штатты режимде жалғаса береді.

 

Хабар 24 телеарнасы