420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда әкімшілік қамауда болған 2 адам көз жұмды

  • 410
  • UPD: 14:29, 29.05.2020

Көкшетауда әкімшілік қамауда отырған 2 адам белгісіз заттан уланып көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға кеше таңғы уақытта болған. Ауруханаға ауыр халде түскен олар арада көп уақыт өтпей қайтыс болады. Ал олармен бірге түскен тағы 4 адам ауыр жағдайда жатыр, дейді дәрігерлер. Олардың нақты неден уланғаны әзірге белгісіз. Тек алдын ала болжам бойынша, екі нұсқа қарастырылып отыр. Ал аталған қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғалды деген облыстық полиция департаменті әзірге мардымды ештеңе айтпай отыр.

Нариман Сыздықов, қалалық аурухананың бас дәрігері:

– Қазір екі нұсқаны қарастырып отырмыз. Біріншісі, ол сусын. Екіншіден, мүмкін наркотиктен уланған. Сол екі себептен болуы мүмкін.

 

Хабар 24 телеарнасы