412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО тұрғыны монша жағамын деп қорасын өртеп жіберді

  • 159
  • UPD: 17:26, 01.06.2020
ШҚО тұрғыны монша жағамын деп қорасын өртеп жіберді

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғыны монша жағып жатқанда, абайсызда шыққан өрт қорасын шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, демалыс күндері өңірде 11 өрт оқиғасы тіркелген.

«Риддерде пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан моншада өрт шыққан. Тілсіз жау сол маңайдағы тұрғын үй мен қораға жайылып кетті. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше малын құтқаруға ұмтылған үй иесінің аяғын күйік шалған. Ол тек 2 сиырды сыртқа алып шығып үлгерді. Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 106 шаршы метрге жайылған қызыл жалынды бір жарым сағатта ауыздықтады», – деп хабарлады ведомство өкілдері. Тағы 2 өрт Бородулиха ауданында тұтанды. Оның бірі, моншада пеш жаққан кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болды. Тілсіз жау 12 шаршы метрді шарпыған. Ал Ивановка ауылында тіркелген екінші оқиғада шаруашылық қора-жайлар, қоқыс пен шөп өртенді. Осы ретте, ТЖД өкілдері тұрғындарға барынша абай болып, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзбау қажеттігін ескертеді.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы