418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жұртты тақырға отырғызған интернет алаяқ ұсталды

  • 181
  • UPD: 09:28, 04.06.2020
Алматыда жұртты тақырға отырғызған интернет алаяқ ұсталды

Аңқауды алдап күнін көрген пысыққа қатысты іс қозғалды. Ол ғаламтор мүмкіндігін пайдаланып, адамдардың жеке шотындағы ақшасын сыпырып алған.

Алматы қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша,  24 жастағы азамат  көпшілікке белгілі бір сайт арқылы шағын несие алушыларға көмектесе алатыны жөнінде хабарландыру таратқан. Бірақ ол өзінің қызметі үшін келісім-шарт бойынша несиенің 10 пайызын алатынын айтқан. Оған сенген қала тұрғындары суреті мен жеке куәлігі, банктік картасын туралы мәліметтерді жібереді. Сөйтіп, алаяқ букмекерлік мекемелердегі онлайн терминал арқылы несие рәсімдеушілердің есеп шотындағы қаржысын шешіп алып, жұртты сан соқтырған. Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

- «Қазіргі таңда Қлмыстық кодекстің 190-бабының 4-тармағы бойынша саралануда. Жәбірленуші санының едәуір болуы мүмкін деген болжаммен біз тексеру жұмыстарын қолға алдық. Содан соң келтірілген материалдық залал мөлшері де сол тергеу амалдары біткеннен кейін анық болатын болады.

Хабар 24 телеарнасы