423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Газель» көлігі өртеніп кетті

  • 309
  • UPD: 14:42, 17.06.2020
Елордада «Газель» көлігі өртеніп кетті

Елордадағы Алаш тасжолының бойында «Газель» көлігі өртеніп кетті.

«Сағат 12:07-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бөлімшесінің өрт сөндірушілері 2 арнайы техникамен 9 адам болып Алаш тасжолы 20 «а» мекенжайына аттанды. Өрт салдарынан көлікке орнатылған газ құрылғысы жарылды», - деп хабарлады ТЖД.

Өрт 12:26-да ауыздықталды. Зардап шеккендер немесе жарақат алғандар жоқ.

Тілсіз жау электр сымдарының тұйықталуынан тұтанған болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы