426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

  • 381
  • UPD: 16:50, 18.06.2020
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан көлік жүргізушісі ауруханада көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz.

18 маусым күні сағат 07:30-да Темір ауданының 59 жастағы тұрғыны «ВАЗ-2112» автокөлігімен Кеңқияқ ауылының «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» жанында келе жатып қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан Шұбарқұдық ауылының 39 жастағы тұрғынының басқаруындағы «ВАЗ-2114» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасынан «ВАЗ-2112» автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан Темір ауданы Кеңқияқ ауылының орталық ауруханасында көз жұмды, «ВАЗ-2114» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы Кеңқияқ ауылының орталық ауруханасына жатқызылды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес «ВАЗ-2114» автокөлігінің жүргізушісі көлікті жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды.

Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөліміне сай сотқа дейінгі тергеу басталды (абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет).

Хабар 24 телеарнасы