418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда көлік басып кеткен жасөспірім көз жұмды

  • 329
  • UPD: 15:51, 03.07.2020
Атырауда көлік басып кеткен жасөспірім көз жұмды

Атырауда Lexus көлігі жаяу жүргіншіні басып кетті.

19 жастағы жаяу жүргінші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды, деп хабарлады «Мой ГОРОД» порталы.

Жол апаты 30 маусым күні шамамен 22:00 шамасында Құрманғазы көшесінің бойында болған. Lexus көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 19 жастағы жасөспірімді қағып кетті.

Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі зардап шеккен жаяу жүргіншіні ауруханаға жеткізгендерін, бірақ оның алған жарақаттарынан қайтыс болғанын хабарлады.

Полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін анықтады.

Хабар 24 телеарнасы