418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 3000 гектар жер өртенді

  • 204
  • UPD: 18:52, 14.07.2020
ШҚО-да 3000 гектар жер өртенді

Шығыс Қазақстан облысында ірі дала өрті болды, хабарлайды «Хабар 24».

Қызыл жалын Үржар ауданындағы Қарабұлақ ауылдық округі маңынан шыққан. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Қытаймен шекарадағы бейтарап аумақта құрғақ шөп жанған. Тілсіз жау 3 мың гектар жерді шарпыды. Жалынды сөндіруге 90-ға жуық адам жұмылдырылды. Өрт тиген жолақ бірнеше шақырымға созылды. Сондықтан тек түн ортасында ғана толық өшірілген. Құтқарушылар бұл өрт қаупі маусымы басталғаннан бергі төртінші әрі ең көлемді дала өрті деп отыр. Мамандардың болжауынша, жалын найзағай түсу салдарынан тұтанған болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы