424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда көлік аударылып, төрт адам қаза тапты

  • 664
  • UPD: 14:19, 16.07.2020
Атырауда көлік аударылып, төрт адам қаза тапты

Атырау – Орал тасжолында «Toyota Camry» көлігі аударылып, оқиға орнында екі адам мерт болды.

Ауруханаға жеткізілген екі жолаушыны да дәрігерлер ажалдан аман алып қала алмады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік апаты 16 шілдеде сағат 00:30 шамасында Атырау – Орал тасжолының Атырау қаласына кіре берісінде болған.

«1999 жылы туған азамат тізгінге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам сол жерде қаза тапты. Көлік жүргізушісі мен бір жолаушы облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазіргі кезде тағы бір жолаушы әртүрлі дене жарақатымен аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Аталған оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы