429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да бірін-бірі құтқармақ болған үш бозбала суға кетті

  • 266
  • UPD: 14:42, 17.07.2020
СҚО-да бірін-бірі құтқармақ болған үш бозбала суға кетті

Солтүстік Қазақстанда бір күнде үш адам суға батып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары хабарлады. Қайғылы оқиға Шал Ақын ауданына қарасты Жаңажол ауылы маңында Есіл өзенінде болған. Алты бірдей жасөспірім аталмыш су айдының арғы жағына өткен. Кейін қайтып келе жатқанда рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Салдарынан 1996 жылы туған баланың аяғы тартылып қалған. Оны құтқармақ болған 2001 және 2002 жылғы жасөспірімдер де ажал құшты. Жыл басынан бері өңірде жазымнан жан тапсырғандардың саны 11-ге жетті.

Игорь Жуков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Оқиға орнына аудандағы құтқарушылар, полиция қызметкерлері және облыстан жедел-құтқару жасағының мамандары жіберілді. Мұнымен қоса, ауыл тұрғындары да іздестіру жұмыстарына айтарлықтай көмек көрсетті. Бүгін таңғы сағат сегіз жарым кезінде үш жасөспірімнің денесі табылды.

Хабар 24 телеарнасы