423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада суға кеткен екі жігіттің мәйіті табылды

  • 294
  • UPD: 14:26, 18.07.2020
Қызылордада суға кеткен екі жігіттің мәйіті табылды

Қызылорда қаласында суға батып кеткен екі жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетелік, оқиға кеше елорда уақытымен 22:10 шамасында тіркелді. Облыс орталығындағы «ПМК-29» саяжай аумағындағы Қалғандария көлінде екі жігіт рұқсат етілмеген аумақта суға шомылған. Түнгі уақыттағы іздестіру шарасына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 22 маман жұмылдырылып, 5 техника мен 3 қайық пайдаланылды. Оқиға орнына облыстық Полиция департаментінің мамандары да келді.

«Іздестіру 02:00 шамасында тоқтатылып, ол таңғы 06:00 шамасында қайта жалғасты. Нәтижесінде 08:40-та 23 жастағы жігіттің мәйіті табылса, 09:24-те 22 жастағы жігіттің жансыз денесі жағаға шығарылды. Олардың мәйіті жағадан 30 метрдей қашықтықта 3 метр тереңдіктен табылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.

Жыл басынан бері Қызылорда облысында 20 адам суға кетті. Олардың сегізі бала.

Хабар 24 телеарнасы