429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада жатақханадағы өрттен 76 адам эвакуацияланды

  • 220
  • UPD: 18:36, 19.07.2020
Қызылордада жатақханадағы өрттен 76 адам эвакуацияланды

Қызылорда қаласында көп қабатты жатақханада шыққан өрттен барлығы 76 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін жергілікті уақытпен таңғы 05:54-те тіркелді. Тұрар Рысқұлов көшесі бойында орналасқан жатақхананың екінші қабатындағы балконнан өрт шыққан. Өрт сол балконның үстінде орналасқан өзге балкондарға тарап кеткен.

«Өрттен барлығы 76 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 15-і бала. Өрт 06:21-де толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар саласынан барлығы 32 қызметкер мен 10 техника жұмылдырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы