426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда мас жүргізуші бір жасар баламен кетіп бара жатқан адамды қақты

  • 299
  • UPD: 17:39, 31.07.2020
Алматыда мас жүргізуші бір жасар баламен кетіп бара жатқан адамды қақты

Алматыда арақ ішіп көлік жүргізген азамат жол бойында 1 жастағы баласымен кетіп бара жатқан ер адамды қаққан.

Зардап шеккендерге көмек көрсетудің орнына оқиға орнынан ізін суытпақ болған ол, Жандосов көшесінің бойында тағы екі жеңіл көлікті соғады. Қазір осы іске қатысты Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Жүргізуші 20 күнге қамауға алынды. Сондай-ақ 8 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қ. ІІД ресми өкілі:

- Бұл шара тек мас күйінде көлік жүргізгені үшін ғана. Екі жаяу жүргіншіні қағып кету және оқиға орнынан қашам дегенде жасаған тағы бір Жол-көлік оқиғасы Бостандық аудандық полиция басқармасының жүргізіп жатқан тергеуі аяқталғаннан кейін анықталады. Өндіріс аяқталғаннан кейін шешім қабылдау үшін материалдар сотқа жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы