423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да құдыққа құлап кеткен екі бала көз жұмды

  • 244
  • UPD: 13:50, 12.08.2020
БҚО-да құдыққа құлап кеткен екі бала көз жұмды Tengrinews.kz

Батыс Қазақстан облысында екі бала құдыққа құлап, салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға 11 тамыз күні Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округінде болды.

Шамамен сағат 15:00-де қараусыз қалған 3 және 1 жасар екі бала жеке үйдің ауласындағы тереңдігі 3 метр суы бар құдыққа құлап кеткен.

Олардың денесін сағат 18:30-да жергілікті тұрғындар шығарып алды.

БҚО ТЖ департаменті ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды өтінеді.

Хабар 24 телеарнасы