429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңаөзен тұрғыны карантинде жер үйде той жасаған

  • 274
  • UPD: 19:36, 12.08.2020
Жаңаөзен тұрғыны карантинде жер үйде той жасаған

Жаңаөзенде үйінде үйлену тойын жасаған тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды. Карантин тәртібіне бағынбай, 40 адамды қонақ қылған кінәлі тұлға айыппұл төлеуі мүмкін.

Үй ауласына жиылған көпшілікті полиция тарқатты. Сөйтіп, үй иесіне хаттама толтырып, жинақталған деректерді өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жолдаған.

Әйгерім Ибадуллаева, облыстық ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі басшысының м. а.:

- Жаңаөзен тұрғындары карантин тәртібін бұзуын тоқтатар емес. Той жасаған азаматқа ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Тойға шақырылған көпшілікке шектеу шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы