424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда кардиоорталықтың оттегі сақтау қоймасы өртеніп жатыр

  • 348
  • UPD: 20:13, 15.08.2020
Алматыда кардиоорталықтың оттегі сақтау қоймасы өртеніп жатыр

Алматыда кардиологиялық орталықтың жанындағы ғимарат өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төтенше жағдайлар департаментінің 42 қызметкері мен 14 техника Алмалы ауданы Төле би көшесі номері 98-үйдегі шақырту бойынша өртті сөндіріп жатыр. Қазіргі мәлімет бойынша жеке тұрған ғимараттың шатыры отқа оранған. Өрт гидранттары жіберіліп, гидранттарға автоцистерна орнатылды», – деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Газ түтіннен қорғау қызметі ғимарат ішінде адамның бар-жоғын анықтау үшін барлау жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы