426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысындағы жол апатынан зардап шеккендер ауруханада жатыр

  • 212
Түркістан облысындағы жол апатынан зардап шеккендер ауруханада жатыр

Түркістан облысында автобус апатынан зардап шеккен 4 адам әлі ауруханада жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал автобус жүргізушісі жансақтау бөлімінде. Бұл туралы Сайрам ауданы орталық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Төлеген Құралбаев хабарлады. Оқиға салдарынан түрлі дене жарақатын алған үш науқастың жағдайы тұрақты.

Төлеген Құралбаев, Сайрам ауданының орталық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы:

- 26 тамыз күні жол-көлік апатынан Сайрам аудандық ауруханасына бүгінгі күнде 4 науқас стационарлық ем алуда. Оның біреуі жансақтау бөлімінде. Жансақтау бөліміндегі науқастың жағдайы тұрақты. Бүгін дәрігерлер консилиум жасайды. Әрі қарай емдеу тактикасын қолданады.

Хабар 24 телеарнасы