420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы өрт: екі дүкеннің күлі көкке ұшты

  • 147
  • UPD: 16:07, 03.09.2020
Алматы облысындағы өрт: екі дүкеннің күлі көкке ұшты ҚР ІІМ ТЖК

3 қыркүйекте сағат 07:43-те Алматы облысының ТЖД-не Іле ауданы Чапай ауылындағы Гагарин көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына шақырудың жоғары дәрежесі бойынша дереу сағат 07:44-те Алматы облысы ТЖД ең жақын жерде орналасқан 3 өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары 15 адам жеке құрамы және 5 бірлік техника, сондай-ақ Алматы қаласы ТЖД 4 адам және 1 бірлік техника жіберілді.

«Алғашқы бөлімшелердің сағат 07:58-де келген соң (14 минуттан кейін, жақын жерде орналасқан бөлімшеден 15 шақырым қашықта) бір-біріне жақын орналасқан «Арман» және «Николь» бір қабатты екі дүкен жанып жатқандығы анықталды.

Өрт сағат 08:26-да жедел оқшауланып, сағат 09:25-те жойылды. Өрт алаңы 761 шаршы метрді құрады, оның ішінде «Арман» дүкені – 610 шаршы метр (шатырдың бұзылуымен) және «Николь» дүкені – 151 шаршы метр (шатыр өртенді). Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп мәлімдеді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер қабылдаған шаралардың арқасында іргелес орналасқан дүкендер мен жеке тұрғын үйлерге өрттің таралуына жол берілмеді.

Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орынында сынақ өрт зертханасы жұмыс істеуде.

 

Хабар 24 телеарнасы