429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда көп қабатты үйден өрт шығып, екі адам зардап шекті

  • 143
  • UPD: 10:57, 09.09.2020
Қостанайда көп қабатты үйден өрт шығып, екі адам зардап шекті

8 қыркүйекте Қостанай қаласында Мирошниченко көшесіндегі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтер өртенген.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, өрт туралы хабарлама 19:16-да келіп түсті. Өрт сөндіру қызметі шақыру орнына сағат 19:22-де жетті, деп хабарлады alau.kz.

Тұрғын үйдің өрт шыққан кіреберісіндегі пәтерлерден 15 тұрғын, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды.

Өрт сағат 19:39-да ауыздықталды, сағат 19:46-да өрт толығымен сөндірілді.

Өрттің салдарынан сол пәтерде тұратын 2 әйел зардап шекті. Олардың бірі, 1972 жылғы әйел адам қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер 1938 жылы туған әжейдің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.

Хабар 24 телеарнасы