420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада екі баланы көлік қағып кетті

  • 126
  • UPD: 18:09, 11.09.2020

Нұр-Сұлтан қаласында кәмелет жасқа толмаған екі қыз баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың біреуі жетіде, екіншісі небәрі бір жаста. Екеуі де қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің хабарлауынша, бүлдіршіндер аман. Тек біреуіне медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиға бүгін таңертең Бурабай көшесінде болған. Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлікті 73 жастағы азамат тізгіндеген. Жол апатына қатысты сараптама тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы