420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда скутер ұрлаған күдікті ұсталды

  • 95
Таразда скутер ұрлаған күдікті ұсталды

Тараз қаласының ПБ ЖБО 102 пультіне жеке үйге қойылған «Talgy» электрлік скутерінің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 1-ПБ криминалдық полиция қызметкерлері Меркі ауданының 39 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталған адам бұрын ұрлық жасап, көлік айдап кеткен. Бірақ екі жағдайда да жәбірленушілермен татуласудың арқасында бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан құтылып кеткен. Алайда бұл жолы құқық бұзушыға бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр, Өйткені жыл басында қабылданған заңға сәйкес қылмыс жасаған адам жәбірленушімен тек бір рет татуласуға құқылы. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Хабар 24 телеарнасы