423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 9 адам ауруханаға түсті

  • 272
  • UPD: 16:09, 16.09.2020
Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 9 адам ауруханаға түсті

Ақтөбе қаласында қоғамдық көлік пен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 11:20 шамасында болды. «Mercedes Benz» автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі мейрамхана тұрағынан шығып, жолдағы қауіпсіздік ережесін ескермеді. Рөлде отырған әйел жан-жағына қарамастан бұрылған, салдарынан «ПАЗ 320402» маркалы автобуспен соқтығысты.

«Жол апаты кезінде «Mercedes Benz» автокөлігінің жүргізушісі мен автобустың 7 жолаушысы дене жарақатымен Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жүгінді. Сондай-ақ автобустың бір жолаушысы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Оның айтуынша, апаттың негізгі себебі – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережелерін саналы түрде ескермеуі.

Хабар 24 телеарнасы