428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында салынып жатқан нысан опырылып құлады

  • 117
  • UPD: 10:49, 22.09.2020
Алматы облысында салынып жатқан нысан опырылып құлады

Алматы облысының Ұйғыр ауданында жаңадан салынып жатқан нысан опырылып түсті.

Оның неден құлағанын арнайы комиссия анықтайды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ұйғыр ауданындағы спорт кешенінің құрылысы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2019 жылдың қараша айында басталған.

«2021 жылдың қаңтар айында аяқталуы керек. Нысанның құлауына байланысты арнайы комиссия келіп тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Комиссия қорытындысына сәйкес аталған олқылықтар қалпына келтіріледі», - деп хабарлады Ұйғыр ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы