429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда үш адамды пышақтаған қылмыскер ұсталды

  • 160
  • UPD: 12:37, 22.09.2020
Нұр-Сұлтанда үш адамды пышақтаған қылмыскер ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласында ер адам бірден үш тұрғынды пышақтап кеткен, деп хабарлады Tengrinews.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, ішімдік ішкен ер адамға досының ұлымен сөйлескені ұнамаған. Салдарынан досымен сөзге келіп, оған үш рет пышақ салған.

Пәтерден шыққан бетте ол көршісімен соқтығысып, қылмыс орнынан тезірек жасырынғысы келіп көршісіне де пышақ салған. Артынша оның әйелін де пышақпен жарақаттаған.

«Полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасаған күдіктіге қылмыс орнынан жасырынуға жол бермей, оны 15 минут ішінде ұстады. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ұсталған ер адамның ҚР Қылмыстық кодексінің 103-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша бұрын сотталғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы