427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаулық жеткіншек әйелді көлікпен бірнеше рет қаққан

  • 142
  • UPD: 19:50, 23.09.2020
Ақтаулық жеткіншек әйелді көлікпен бірнеше рет қаққан

15 жастағы жеткіншек мас күйінде көлікке отырып, 58 жастағы әйел адамды қағып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан ескертуге ерегісіп, қайта айналып келіп, тағы 3 рет қаққан. Ақтауда зардап шеккен әйелдің туыстары осылай деп отыр. Оның қабырғалары сынып, өкпесі тесілген. Аяғының сіңірлері үзіліп кеткен. Қылмыстық оқиға осыдан екі ай бұрын 9-ыншы шағын аудандағы №18 үйдің жанында болған. Қазір көлігін кәмелетке толмаған жасөспірімге бергені үшін оның өгей әкесі айыпталып отыр. Ал полиция бұл дерек бойынша екі бірдей қылмыстық іс қозғалғанын айтады.

Джульетта Джамиева, қала тұрғыны:

– Бұл – қасақана жасалған іс. Ол менің анамды көре тұра әдейі басып өтті. Содан кері қайта жүрді. Онымен қоймай, қайтадан алға басты. Осылайша бір емес, үш рет басып өтті. Менің анамды бүгін алғаш рет тергеуге шақырды. Анама күрделі операциялар жасау керек. Мен айыпты баланың материалдық және моральды шығынымызды өтеуін талап етемін. 15 жастағы жасөспірім екенін білемін. Бірақ ол бәрін біле тұра істегендіктен, жазасыз қалмауы тиіс.

Әйгерім Ибадуллаева, ПД Тілдерді дамыту және ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

– Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша әйелдің денсаулығына ауыр зиян келтірілгені белгілі болды. Қазір ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 349-бөлігі 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы