428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде көктайғақ салдарынан бірнеше автомобиль соқтығысты

  • 146
  • UPD: 14:54, 09.10.2020
Өскеменде көктайғақ салдарынан бірнеше автомобиль соқтығысты

9 қазанда 00:56 шамасында Спорт сарайы маңындағы көпірде ВАЗ 21114 мен Ladа маркалы автомобиль соқтығысқан.

Одан кейін бір-біріне соқтығысқан BMW мен Nissan келіп алдыңғы екі автомобильге соғысады. Қуанышқа орай, жол-көлік оқиғасынан ешкім ауыр зардап шеккен жоқ. Бірақ апатты бастаған тарап әкімшілік жазаға тартылады, деп хабарлайды Устинка LIVE  тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай ВАЗ 211 автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамаған. Сонымен бірге көктайғақты ескермеген және жылдамдықты төмендету шараларын қолданбаған. Нәтижесінде Lada маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Соққыдан оның көлігі айналып, Nissan маркалы тағы бір көлікке тап болады.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Хабар 24 телеарнасы