427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантинге бағынбаған кәсіпкерлерден 110 млн теңге айыппұл өндірілді

  • 114
  • UPD: 15:27, 10.10.2020
Карантинге бағынбаған кәсіпкерлерден 110 млн теңге айыппұл өндірілді

Карантин ережелерін сақтамаған елордалық кәсіпкерлерден 110 млн теңге өндірілді. Шілде айынан бері аудандық әкімдік мамандары, полиция, және тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары мониторинг жүргізіп жатыр.

Жалпы қала бойынша 1240 әкімшілік хаттама толтырылып, 327 іс сотта қаралды. Нәтижесінде 134 млн теңге айыппұл салынған еді.

Естеріңізге салсақ, әкімшілік кодекстің 425-бабына сәйкес карантин талаптарын сақтамаған жеке кәсіпкерлерге 230, орта бизнес иелеріне 310, ал ірі кәсіпкерлерге 1600 айлық есептік көрсеткіш, яғни 4,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынады.

Хабар 24 телеарнасы