432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар орталығынан өрт шықты

  • 122
  • UPD: 12:43, 12.10.2020
Павлодар орталығынан өрт шықты

Қызыл жалынды сол маңдағы куәгерлер түсіріп, әлеуметтік желіге салып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша, өрт «Арай» сауда үйінің маңында болған. Түнгі сағат бірлердің шамасында қою-қошқыл түтін көкке көтеріле бастапты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетті. Бірақ оны ә дегеннен ауыздықтау қиын делінген. Төтенше жағдай жайында әзірге ешқандай ресми ақпарат жоқ.

Сүлеймен Бимағамбетов, облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің бастығы:

– Өрт сөндірушілер келіп жеткенде, сауда үйіндегі жанған аумақтың жалпы көлемі мың жарым шаршы метр екені анықталды. Штаб құрылып, 5 учаске жұмыс істеді. От 4 сағат 55 минутта сөндірілді.

Хабар 24 телеарнасы