428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда қамыс өрті басылмай тұр

  • 102
  • UPD: 15:04, 12.10.2020
Атырауда қамыс өрті басылмай тұр

Каспий теңізінің жағалауындағы қамыстың өртеніп жатқанына бүгін – үшінші күн, деп хабарлайды «Хабар 24».

Батпақтың кесірінен өртеніп жатқан аумаққа жақындау мүмкін емес. Десе де, 46 қызметкер, 11 техника, 4 қайық өртті сөндіруге жұмылдырылған. Қызыл жалын 750 гектар жерді шарпып үлгеріпті. Оған қоса, тілсіз жау түрлі аң мен құс мекендейтін «Ақ Жайық» резерватының аумағына да жеткен. Бұл жолғы өрттің шығуына аңшы көлігінің жанып кетуі себеп болған деген болжам бар. Қазір жай-жапсары анықталып жатыр.

Рашид Біләлов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

– Сұрастыру-іздестіру жұмыстары бойынша, 55 жылғы азамат өзінің автокөлігімен өртке оранып, соның салдарынан қамыстың өртенгені анықталып отыр. Біздің қызметкерлер ол кісіні сұрастырып, үйіне барып анықтаған кезде көлігінің алдыңғы жағынан өрт басталған. Қазір іс қаралып жатыр.