427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте құдықта бірнеше жыл жатып қалған әйел адамның мәйіті табылды

  • 132
  • UPD: 10:30, 15.10.2020
Шымкентте құдықта бірнеше жыл жатып қалған әйел адамның мәйіті табылды

Шымкенттік полицейлер құдықтан табылған адам мәйіті дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Марқұмның денесі көрпеге оралып, жабысқақ таспамен оралған күйі жатқан. Әйел азаматшаның бойы шамамен 160 сантиметр, ал жасы 30-ға жуық. Мамандардың болжамынша, мәйіт бірнеше жыл жатып қалған. Азаматшаның аты-жөні анықталмады.

Арман Бейсенбаев, ПД бастығының орынбасары:

- Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес әйел азаматшаның өлімі сараптамасына дейін бір жылдан астам уақыт бұрын орын алған. Мәйіттің сүйек қаңқаларының жарақаттары анықталмады. Қазіргі уақытта мәйіттің жеке басын анықтауға және қылмысты ашуға бағытталған барлық жедел шара жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы