428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында тоғыз айда 500 адамды көшеде көлік қағып кеткен

  • 84
  • UPD: 18:02, 15.10.2020
Алматы облысында тоғыз айда 500 адамды көшеде көлік қағып кеткен

Алматы облысының полицейлері жаяу жүргіншілерді жол бойында қағып кету оқиғаларының тым жиілеп бара жатқанына алаңдаулы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы жылдың 9 айында 500 адамды көшеде көлік қағып кеткен. Оның 98-і алған дене жарақатынан көз жұмды. Мамандар мұндай жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі Талдықорған қаласына кіреберісте болатынын айтады. Сол себепті қауіпті жерлер қатаң бақылауға алынып, жол бойындағы кезекшілік жұмыстары күшейтілді. Алдын алу шараларының алғашқы күнінде жол жүру ережесін өрескел бұзған 40 жүргізуші мен 28 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жыл басынан бері жаяу жүргіншілер тарапынан 772 заңбұзушылық жасалғаны анықталды.

Қайырбек Қанатбеков, облыстық ПД ЖПҚБ рота командирінің орынбасары:

- Жол-көлік оқиғалары жүргізушілердің салғырттығынан болады. Көбі жылдамдықты шамадан тыс арттырады. Ал жаяу жүргіншілер жолдың кез келген бөлігінен кесіп өте береді. Сондықтан тұрғындарды жол жүру ережесін қатаң сақтауға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы